
Бұл өмірде сен маған серік едің
Құрбан етіп антыңды беріп едің.
Көңіліме көктемдей көрік едің
Іңкәрім-ай, іңкәрім, іңкәрім-ай.
Мені сағындың ба?
Жүрмін жалын мұңда.
Іңкәрім-ай, іңкәрім, іңкәрім-ай.
Мені сағындың ба?
Жүрмін жалын мұңда.
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай.
Бір өзіңді жанардың нұры деген
Азап шектім махаббат мұны менен.
Қиянатқа қидың ба шыңыменен
Іңкәрім-ай, іңкәрім, іңкәрім-ай
Бір сен үшін тағдарға табандың ба?
Шалдырдың ғой жүректі жалын мұңға.
Сағындың ба сен, мені сағындың ба?
Іңкәрім-ай, іңкәрім, іңкәрім-ай.