作词 : Qazaqsha
作曲 : Qazaqsha
Бір көргеннен өзіңді
Баурап алдың сезімді
Түңгі ормандай тұңғиық
Ашық мінез аруым
Ай нұрындай жарығым
Бір саған арнадым әнімді
Жан сырымды бір өзіңе ғана
Ашылып айтайын, асыл айым
Сенен басқа түсінетін мені
Жан барма, жалғанда?
Сенен басқа, сенен
Асығамын өзіңе,
Айтшы маған, сездің бе?
Көңілімнің жылуын, жаным
Тағдырға да таласпай
Өтейікші өмірден
Жүрегіме жыр арнадың сен