作词 : Алмас Ахметбекұлы
作曲 : Ермұрат Зейіпхан
Көк тудың желбірегені –
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес, маған керегі-
Көк тудың желбірегені.
Көк тудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
Жан-жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.
жүректін елжірегені,
Қиырда қалған Қазақтың
көзінің мөлдірегені.