作词 : Әлия Іңкәрбек
作曲 : Әбілқайыр Жексенбек
Өмір сынақтарына,
Күліп қарадымда.
Ауыл жұлдыздары да,
Менің жанарымда
Көптен іздегем сені
Бақыт жолдарында.
Сонда сезбедім неге,
Жақын болғаныңды.
Армандағы арайлы күндерім
Естелікке айналады бәрі
Ауылдың ырыс ынтымағы
Мәңгілікке жалғассын тағы.
Жылдар алдады мені,
Үміт аралында.
Сенші сен жүрсің әлі,
Менің ғаламымда.
Жалғыз жырақтадым ба?
Сеніп таң нұрына.
Келдім сыр ақтаруға,
Қатал тағдырыма.
Балалығым оралмайтын маған,
Естелікке айналады бәрі.
Жүрегімді мәңгілік тербейді-
Ауыл деген сағыныш әні.
Сағын деген сағыныш әні.